Басқару есебінен глоссарий

Суббота, Декабрь 1, 2012


Акциз – тауар  немесе   қызмет  көрсету  бағасына  кіретін  жанама  салықтың  түрі.

Аренда (жалға  алу) – мүліктің   жедел,  өтелетін иелікке,  пайдалануға  берілуі. Мүлік  жалға берушімен  жалға  алушыға  арнайы  жалға  алу  келісім-шарты  негізінде  беріледі.

Банк – ақша қаражатын  шоғырлаушы  және  соның  негізінде  өз  клиенттеріне  несие  беруші, ақша  есеп  берулері  мен басқа  да  операцияларды  жүргізуші  несиелік-қаржылық  ұйым.

Биржа – құнды  қағаздар (биржалық  қор),  тауарлар (тауарлар  биржасы), шетел  валютасы (валюта  биржасы)  сатылатын  нарық  түрі.

Валюта – мемлекеттің  айналымдағы  ақша  бірлігі.

     Мемлекеттің  сыртқы  қарызы – шетел  азаматтарына, кәсіпорындарға  басқа  да  мемлекеттерге деген  мемлекеттік  қарыз.

Сыртқы  сауда-саттық – мемлекеттің  басқа  да  мемлекеттермен сауда-саттығы, тауарлардың енгізілуі мен сыртқа шығарылуын қарастырады.

Мемлекеттік  меншік –меншік  иесі  ретінде мемлекеттің тұруын  қарастыратын (органдары тұлғасында) меншік  формасы.

Девальвация – валюта  курсының  ресми  төмендеуі.

Табыс – уақыт  бірлігінде  келіп  түскен ақша  немесе түсім.  Табыстың   төрт  негізгі формасы  белгілі:  рента, еңбек ақы, пайда  және пайыз.

     Еңбек  ақы —  жалданушы  жұмысшымен  алынатын ақшалай немесе натуралды  түрдегі пайда.

Импорт – шетелде  өндірілген  тауардың  (сырттан) елге  енгізілуі.

     Инвестициялау — өндіріс  үрдісі  және тауар мен қызмет көрсетулерді  өндіру  үшін, оларды  тұтынушыға  жеткізуге   қажетті  өндіріс  құралдарын  жинақтау. Қаражатты  құнды  қағаздарға құю.

     Инвестиция — өндіріс  шығындары және өндіріс  құралдарын  жинақтау мен  материалдық  қорды  өсіру;   экономикадағы  капиталдың ұлғаюы.

Инновация – ғылыми-техникалық   прогресті   қамтамасыз  ететін қаражаттың экономикаға салыну  үрдісі.

Инфляция – бағаның  өсуі  кезінде  пайда  болатын  сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы; экономикадағы бағаның  жалпы  деңгейінің  өсуі  және ақша айналым   жолдарының  толуы. Сұраныс және ұсыныс   инфляцияларын,  біркелкі, шоқырақтаушы,   және гиперинфляцияларды    айырымыз.

Лизинг – негізгі құралдарды ұзақ  мерзімге  жалға  беру. Лизинг  компаниялары құралдарды  жалға  беру  үшін  оларды  көптеп сатып алады.

Лицензия —  белгілі  экономикалық  қызмет  жүргізуге үкіметтің мемлекеттік  және  жергілікті  органдарымен  берілетін рұқсаты.

Салық – заң бойынша белгіленген тәртіппен халықтан, ұйымдардан, кәсіпорындардан міндетті түрде алынатын төлем.

Ғылыми- технологиялық прогресс – ғылым және техника жетістіктерімен енгізілетін базаның қызмет сферасы мен барлық кәсіпорын жақтарының үздіксіз жетілдірілуі.

Ноу-хау – өндірісті ұйымдастыру мен тауарларды реализациялау үшін қолданылатын ғылыми-иехникалық және экономикалық білімдермен қоса, өндірістік және шаруашылық тәжірибе, арнайы дағды.

Кәсіпкер – табыс алу үшін тәуекел мен қорқынышқа баратын нарық қатынастарының жеке субъектісі.

Кәсіпкерлік қызмет – табыс алуға бағытталған азаматтардың дербес инциативалық қызметі.Табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қосу кәсіпкерлік қызметтің басты мәні болып табылады.

Резидент – белгілі бір елде тұрақты орналасқан заңды ұйым немесе жеке адам; салық салу және реттеу режимі резиденттерге де толық дәрежеде қатысты.

Меншік – мүлікті қолдану және басқару, иемдену категориясы;мүлікті иемдену,қолдану себептердегі экономикалық қатынастар жүйесі.

Субвенция – қаржылық көмек формасы, экономика, аймақ, кәсіпорын жеке салалары немесе оның иесі үшін жәрдем.

Кеден баж салығы— мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алатын ақшалай алым.

Тариф – бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа көрсетілетін өндірістік сипаттағы түрлі қызметтер үшін төленетін ақы.

Тендер – тауарларды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін мәміленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.


Добавить комментарий