Құқық пәнінен Глоссарий

Четверг, Февраль 21, 2013


ГЛОССАРИЙ

 Саяхат –  бұл адамдардың уақыт пен кеңістікте қозғалуы, ал өзінің мақсатына, қозғалыс құралына және уақыт аралығына тәуелсіз саяхатта жүретін адамды саяхатшы деп атайды.

Туризм – бұл адамдардың ляззат алу және демалу, емделу, қонақтық, танымдық немесе кәсіби-іскерлік мақсаттарымен өзінің тұрақты мекенінен басқа елге немесе өзінің елі шегіндегі орындарға уақытша қозғалысы.

Туризм — жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтiн қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетiн саяхаты.

Халықаралық туризм – Қазақстан Республикасының аумағында шетел туристеріне туристік қызметтерді және туристік өнімді ұсынумен (келу туризмі) және шетелде туристік қызметтерді және туристік өнімді ұсынумен (шығу туризмі) байланысты туризм сферасындағы кәсіпорындардың жүйеленген және мақсатқа бағытталған қызметі.

Туризм тарихы – көне заманнан және осы уақытқа дейінгі ең қарапайымнан бастап саяхаттарды  (жорықтар, экскурсиялар) зерттейтін ғылым. Бұл ғылым тек қана туристік саяхаттарды ғана емес, сондай-ақ олармен байланысты уақыт аспектісіндегі құбылыстар мен қатынастарды зерттейтін ғылым.

Керуен-сарай – біруақытта тұрақты және сауда үйі, керуендерге қатысушылардың уақытша қонысы болған.

Қонақжайлық аула – тек шетелдік немесе басқа жақтан келген көпес-қонақтарға берілетін көтерме саудаға арналған бөлменің көне атауы.

Таймшер – тек шектелген уақытқа ғана пайдалануға берілетін жылжымайтын мүлікке меншік нысаны.

Қонақжайлылық  (ағыл. Hospitality) – ескі француз тілінен hospice (хоспис), қонақ қабылдайтын үй.

Гранд-тур – қалталы адамдардың континентке сапарға шығуы; гранд-тур білім алуға, Жерорта теңізіне, өркениет көздеріне баруға мүмкіндік береді. Ол адамды білімді деп тануға қажет болып табылады.

Туризм географиясы – туризмнің аймақтық ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның пәні кеңістіктік туристік құбылыстардың және олармен байланысты кеңістікті өзгертетін және ауыстыратын процестердің нысандарын және арақатынастарын талдау және синтездеу болып табылады.

Туристік аймақ – демалысты, оқу процесін немесе емделуді ұйымдастыруға қажеттіарнайы құрылғылары және қызметтерінің үлкен торабы бар аймақ.

Туристік ұйым – туристік аймақта координатор қызметін өзіне алатын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының ерекше түрі.

Граффити – грек және рим саяхаттаушыларының өздерінің барған жерлеріне тастарға жазған қысқаша алуан түрлі жазулары.

Феорлар – гректерге Олимпиадалық ойындардың басталғаны туралы жеткізетін арнайы елшілері.

Рекреация – адам күштерінің кең қайта қалпына келтіруі (физикалық, интеллектуалды және эмоционалды).

Тур — белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені

Турист - жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға

Туристік индустрия – бұл туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, қозғалыс құралдар, көлік құралдар, тамақтану объектілерінің жиынтығы.

Туристiк қызмет көрсету — өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi);

Туристердi орналастыру орындары — мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар

Туристiк ресурстар — туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;

Мәдени мұра объектілері – археология ескеркіштері, культтік және азаматтық архитектура, ландшафттік архитектура ескеркіштері, кіші және үлкен тарихи қалалар, ауылдық қоныстар, мұражайлар, театрлар, көрме залдары, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым, этнография объектілері, халықтық қол өнерлер, өнер орталықтары, техникалық кешендер және құрылғылар.


Добавить комментарий